АСТАНА, 21 жел – Sputnik. Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, тек оңтүстік шығыс аумақтарда ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарланады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар сайтында.
Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел бұрқасынмен 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысында жел 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде бұрқасын болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болып, жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, түнде және таңетең жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде — тұман, көктайғақ күтіледі.
Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.
