Спорт

ҚР спорт министрлігі Қазақстанның ММА федерациясы төңірегіндегі дауға қатысты пікір білдірді

© Photo : Федерация MMA КазахстанаММА балуаны
ММА балуаны - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Макаода өткен Әлем чемпионаты кезінде Қазақстанның екі рет өтініш бергендігі анықталғанда, елдің ММА федерациясы дауға қалды.

АСТАНА, 20 жел — Sputnik. ММА бойынша Әлем чемпионатына қатысуға өтініш беру туралы дауға қатысты тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні халықаралық спорттық шараларға қатысуға байланысты мәселелерді қарастыратын Қазақстан заңнамасында айтылуы тиіс еді. Бұл жағдайдың анық-қанығын білу үшін Sputnik Қазақстан агенттігі өкілетті мемлекеттік органға ресми сұрату жіберіп, танымал спортшы Айдар Махметовтен сұхбат алды.

"ҚР "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңына сәйкес ҚР ұлттық құрамасының халықаралық жарыстарға қатысуы жөнінде ресми өтініш беру құқығын осы спорт түрінен аккредитацияланған республикалық спорттық федерация иеленеді", — делінген Sputnik Қазақстан сұратуына берілген жауапта.

Sputnik Қазақстан Мультимедиялық баспасөз орталығы - Sputnik Қазақстан
ММА Федерациясы Махметовтің федерациядағы мәртебесінен айыру туралы айтып береді

Sputnik Қазақстан тілшілері осы дау туралы Айдар Махметовтен де сұрастырып көрді. Алайда спортшы тілшілердің сұрағына жауап бергісі келмеді.

"Мен айтарымды айтқанмын, тіпті артық кеткен сияқтымын. Бұл мәселе мен үшін шешілді, заң жүзінде ғана қаралатын болады. Адвокатым қазір мұнымен айналысып жатыр, ешқандай пікір білдіргім келмейді", — деді Айдар Махметов агенттікке.

Жаңалықтар
0