АСТАНА, 15 жел — Sputnik. "Сарыарқа" хоккей клубының бұрынғы бас бапкері Геннадий Цыгуров 2016 жылы 14 желтоқсан сәрсенбі күні 75 жасқа келіп қайтыс болды деп хабарлайды Р-Спорт.
Кеңестік хоккейші, ресейлік шайбалы хоккей бапкері Геннадий Федорович Цыгуров 1942 жылы 15 сәуірде Челябинск қаласында дүниеге келген.
16 жасынан бастап трактор зауытында жұмыс істеп, кешкі мектепте оқиды. 1969 жылы Челябинск мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген.
"Трактор" мамандандырылған БЖОРСМ-де оқыған. "Трактор" хоккей командасында қорғаушы ретінде 18 маусымға (1960-1977) қатысып, 658 ойында 47 шайба соққан. Үш маусым бойы команда капитаны болған (1965-1969).
Цыгуров – хоккейден КСРО чемпионатының қола жүлдегері (1977), КСРО Кубогының финалына қатысқан (1973).
1977 жылдан бері бапкер қызметін атқарды. 2010-2011 жылдары "Сарыарқа" хоккей клубының бапкері болды.