АСТАНА, 2 жел — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады. Ал, оңтүстік пен солтүстік-батыста күн ашық болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.
Ақмола, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, түнде Отүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарына тұман түседі.
Жамбыл облысында желдің күші секундына 16-21 метр болады.
Маңғыстау, Атырау, Қарағанды күндіз Батыс Қазақстан, облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, Қарағанды, күндіз Маңғыстау облыстарында желдің күші секундына 15-20 метр болады.
Шығыс Қазақстан облысының кейбір аймақтарында тұман түсіп, желдің күші секундына 15-20 метр болады. Жарма ауданында жел күші секундына 25 метр болады. Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында желдің күші секундына 28 метрге дейін жетуі мүмкін. Түнде кей жерлерге тұман түседі.
