Қоғам

Елбасы футболшылардың қазасына орай Бразилия халқына көңіл айтты

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Колумбияда "Шапекоэенсе" бразилиялық футбол клубының бұрынғы және қазіргі басшылары мен ойыншылары мінген ұшақ апатқа ұшырады. Әуе апаты салдарынан 76 адам қаза тауып, алты адам аман қалды.

АСТАНА, 30 қар — Sputnik.  Қазақстан Президенті Бразилия Федеративтік Республикасының Президенті Мишел Темерге көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

Шапекоэнсе командасы футболшыларының қазасы - Sputnik Қазақстан
Әлем
Сарапшы: "Шапекоэне" өз тарихының елеулі бөлігін жоғалтып алды

Жеделхатта Колумбия Республикасының әуе кеңістігінде болған ұшақ апаты салдарынан Бразилия азаматтарының қаза болғаны туралы хабарды Нұрсұлтан Назарбаевтың зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

"Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына, сондай-ақ барша Бразилия халқына ауыр қайғыларына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын", – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

Жаңалықтар
0