Экономика

Премьер-министр өңірлердегі ауыл шаруашылығы көмекқаржысын беру механизміне разы емес

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев
Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көмекқаржы өңірлерде бірнеше айға созылған әр түрлі комиссиялар өткен соң ғана беріледі.Осылайша ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер көмекқаржыға жыл соңында ғана қол жеткізе алады.

АСТАНА, 29 қар — Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстан өңірлерінде ауыл шаруашылығы көмекқаржыларын беру тәртібін сынға алды.

"Көмекқаржыға байланысты бірақатар сұрақ туындап отыр. Бүгінгі таңда көріп отырғанымыздай, өңірлерде көмекқаржы жыл соңына дейін таратылып үлгермейді. Жалпы көмекқаржы беру механизмі дұрыс реттелмеген", — деді Сағынтаев сейсенбі күні үкімет отырысында.

ақша - Sputnik Қазақстан
Оқиға
АШМ-ның комитет басшысы парамен ұсталды

"Біз жергілікті билік өкілдеріне бердік… өңірлер бұл комиссиялардың бәрін қалаған уақытында өткізеді. Жыл басында көмекқаржы таратудың орнына белгілі бір себептерге байланысты жыл соңына дейін созбақтап жүреміз", — деді үкімет басшысы.

Сағынтаевтың айтуынша, былтырғы жылы үкімет осы үдерісті автоматтандыру мәселесі жөнінде "Атамекен" Қазақстан кәсіпкерлері ұлттық палатасымен келіссөздер жүргізген.

Жаңалықтар
0