АСТАНА, 29 қар — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, республикамыздың солтүстік және батыс аумақтарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей жерлерде 30 м/с дейін күшейеді, кей жерлерде бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жел күшейеді.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жел 15-20 м/с күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.