Қоғам

Назарбаев: "100 қадамды" шайқақтатуға жол бермеймін

© Photo : Официальный сайт президента РКНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті "100 нақты қадам" ұлттық жоспары аясындағы әр қадамның орындалуы қажеттігін еске салды.

АСТАНА, 21 қар — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жуық арада бүкіл мемлекеттік органдардан "100 қадам" бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы есеп алуға уәде берді.

"Бүкіл 100 қадам орындалуға тиіс, оңды-солды бұрмалау деген жоқ. Шайқақтатуға жол бермеймін, мұны бәріңе де айтқанмын. Жуырда барлық органдар не істеп, неге қол жеткізгендігі туралы есеп беретін болады", — деді Назарбаев республика судьяларының VII съезі барысында.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Жақып Асанов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Назарбаев сырқатынан кейін алғашқы жұмыс кездесуін өткізді

Ол былтырғы жылы осы бағдарламаны жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заң шығару базасы құрылғандығын еске салды. "Бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ондаған арнайы заң қабылданды. Бұл заңдар 1 қаңтардан күшіне енді, бұдан былай неге қол жеткізгенімізді талқылайтын боламыз", — деп уәде берді президент.  

Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне сүйенсек, "100 қадам" бағдарламасында сот және құқық қорғау органдарының құзіретіне 19 қадам берілді, қазіргі таңда олардың 12-сі ғана орындалған. "Қалғандары толықтай атқарылған жоқ", — деп атап өтті Елбасы. 

Жаңалықтар
0