Видео

АПЭК саммиті алдында Путин мен Обама әлемдік мәселелерді талқылады

Жазылу
РФ президенті Владимир Путин Перудегі АПЭК саммиты отырысы алдында АҚШ-тың қазіргі президенті Барак Обамамен қысқаша әңгіме жүргізді. Мемлекет көшбасшыларының қол алысу сәтін бейнежазбадан тамашалаңыздар.

Путин мен Обама отырыс залында Ресей президентінің орындығының жанында әңгімелесті.

"Олар біраз уақыт сөйлесті, содан соң Обама  "окей" деді, екеуі бір-бірімен қол алысты да, Обама өз орнына барды, Путин де өз орнына отырды", — деп хабарлады Ақ Үй тілшілері.

Кейінірек екі президенттің Сирия мен Украинадағы қақтығыстарды реттеу туралы сөйлесіп, сонымен бірге екі елдің сыртқы істер ведомствосы басшыларының Сирия мәселесінің шешімін табу үшін кездесуі туралы келіскендігі белгілі болды.

РФ президенті Владимир Путин америкалық әріптесімен тілдесу оңай болмағанын айтып өтті деп жазады РИА Новости.

"Әңгімеміз оңай өрбімегеніне қарамастан, мен де, президент Обама да бір-біріміздің ұстанымымызды құрметтейтінімізді айттық. Мен бірлесіп қызмет еткен жылдарымыз үшін алғысымды білдіріп, қажет деп тапқан кез келген уақытта оны қабылдауға разы екенімді айттым", — деді Путин тілшілерге Перудегі АПЭК саммиті отырысын қорытындылай отырып.

Жаңалықтар
0