Оқиға

Бұған дейін ұсталған "Байтерек development" басшылары қамауға алынды

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуқамауға алу
қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Компания қызметкерлеріне жемқорлық жүйені қалыпастырып, жүйелі түрде пара алды деген күдік келтіріліп отыр.

АСТАНА, 21 қар – Sputnik. Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотының санкциясымен "Бәйтерек  Development" АҚ басқармасының бұрын ұстаған қызметкерлеріне "тұтқындау" бұлтартпау шарасы тағайындалды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының баспасөз қызметі. 

Қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Оқиға
"Бәйтерек" холдингі "еншісінің" топ-менеджерлеріне жемқорлықта күдік келтірілді

"Бәйтерек  Development" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары А.Жақыпов, мемлекеттік-жеке әріптестік дирекциясы департаментінің басшысы Б.Айтымбетов, бұрынғы және қазіргі басқарушы директорлар Г.Анарбай Г.Сәриев, "Project City Group" ЖШС басшылары мен құрылтайшылары  К.Смағұлов, Б.Есмұханов, Е.Жұманазар және А.Комарова тұтқындалды. 

Бүгінгі таңда тергеушілер "Бәйтерек  Development" АҚ лауазымды тұлғалары жемқорлық сызбаға тартылған құрылыс компанияларынан жүйелі түрде пара ретінде 288 миллион теңге алғанын анықтады. "Бәйтерек  Development" АҚ басшылығы аса ірі көлемде пара алу үшін ұзақ уақыт бойы сыбайлас жемқорлық сызбасын қолданып келген. Олар "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында аймақтарда жалдамалы баспаналар салу бойынша сатып алулар кезінде құрылыс компанияларының мүддесін қолдап келген.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда.  


Жаңалықтар
0