АСТАНА, 21 қар — Sputnik. Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози саясаттан кететіндігі туралы тағы мәлім етті, бұл жолы оңшылдар мен орталықшылдардың алғашқы турындағы жеңілісінен кейін, деп жазады РИА Новости.
10 мың 229 учаскенің 8 мың 400 учаскесінде дауыстарды есептеу қорытындылары бойынша, бұрынғы премьер Франсуа Фийон — 44,0%, бұрынғы премьер Ален Жюппе — 28,1% жинады. Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози 27 қарашада өтетін екінші кезеңге өтпейді, өйткені ол бар болғаны 22,1% дауыс жинаған.
"Өзімнің зайыбым Карла (Бруни-Саркози) балаларыма: сендерді көптеген сындардан өтуге мәжбүрлегенімді сезініп отырғанымды айтқым келеді, өйткені жанында соншама тынышсыздық туғызатын адамның қасында өмір сүру оңай емес. Сондықтан мен үшін, саясиден жеке өмірге өтуге уақыт келді. Францияға, отандастарым сіздерге сәттілік тілеймін", — деді Саркози өзінің жақтаушыларына қарата сөйлеген сөзінде.
Жеңілісін мойындаған Саркози Фийона мен Жюппені екінші кезеңге өтулерімен құттықтады. Ол екеуінің де франциялық оңшылдары мақтануына тұратын лайықты адамдар, тамаша кандидаттар мен саясаткерлер екенін атап өтті.