Спорт

Головкиннің ғаламтордағы айқасы

© AP Photo / Rich SchultzГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Геннадий Головкиннің келесі жылғы жекпе-жектер мәселесі әлі шешілген жоқ: GGG қарсыластары онымен рингте жұдырықтасқаннан гөрі ғаламторда айтысқанды жөн көреді.

АСТАНА, 17 қар — Sputnik. Орта салмақта бес чемпиондық белдіктің төртеуіне ие болған қазақстандық Геннадий Головкин өзінің қарсыластарымен ақпараттық шайқасқа түсіп қалуы мүмкін, өйткені келесі жылы боксшымен жекпе-жекке кімнің шығатыны әлі белгісіз.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Санчес: GGG қарсыласын нокаутқа түсіріп атағын қорғаудан Хопкинс рекордын жаңартады

GGG командасының мәлімдеуінше, келесі жылы қазақстандық боксшы рингке кемінде төрт рет шығады, ал 2016 жылы Головкин небәрі екі жекпе-жек өткізген болатын. Бұған себепші болған мексикалық Сауль "Канело" Альварес мамыр айында GGG қарсы шығуға қорқып, чемпиондық белдігін шайқассыз бере салған еді.

Бұдан кейін WBA белдігіне үміткер америкалық Дэниэл Джейкобс те қаражат мәселесі жөнінде бір мәмлеге келе алмай, осы жылы желтоқсанда өтетін жекпе-жек 2017 жылдың басына шегерілді.

Тағы бір қарсылас британдық Карл Фроч келесі жылы GGG-мен жекпе-жекке шығатынын БАҚ-нан естіп, қатты таң қалған көрінеді.

Факир  мас еді – жекпе-жек болмайды

Таңданысын жасыра алмаған Фроч SkySport  басылымындағы жеке айдарында боксты тастағанын, тіпті Головкинге қарсы жекпе-жек үшін де былғары қолғапты қайта кимейтінін мәлімдеді. Онымен қоймай, қазақстандық боксшыны тілімен түйреп өтті.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Санчес: GGG Джейкобспен жекпе-жекке 2017 жылғы ақпанда шығуды көздеп отыр

"Бұған қалай қол жеткізетіндерін білмеймін. Бірақ Головкиннің атаққұмар екені белгілі, соған жете алмай әуре боп жүр, — деді британдық. – Келл Брукты жеңгенін естідім. Алайда шындыққа тура қарағанымыз жөн емес пе: Келлдің салмағы одан екі саты төмен ғой. Соны ескерсек, бұл жекпе-жек әділ өткен жоқ деп ойламайсыздар ма? Сол себепті басқа біреуді таңдағандары жөн бе деймін. Қазір рингке шықсам, Головкинді сабап тастайтын едім. Бірақ салмағым тым үлкен, сондықтан да бұл жекпе-жек болмайды. Головкин біреумен шайқасқа шықпаса жүре алмайды. Әйтпесе, атақ-абыройдан жұрдай болмай ма?", — дейді Фроч.

Тағы бір клоун!

Фрочтың бұл уытты сөздері қазақстандықтың құлағына жетпей қоймайтын еді. Сәрсенбі күні Twitter парақшасында Головкин қысқа ғана жауап қайырып, екі промоутердің де атын атап өтті.

"Сәлем, Эдди Хирн мен Том Леффер. Фрочке қарсы жекпе-жек туралы айтқан сөздеріңді қайталап, даурыға бермеңдерші. Сәлем, Карл!  Кімге сеніп, кімге сенбеу керектігін айтатын сен емес. Түк бітірмей, құр сөйлей беретін клоундардың бірісің", — деп жазды Головкин.

GGG алдында қойған мақсаты WBO чемпиондық белдігіне қол жеткізу, ал ол британдық Билли Джо Сондерске тиесілі. 

Даниэль Джейкобс - Sputnik Қазақстан
Спорт
Джейкобстың сараңдығы: не құртады, не құтқарады

Осы жылы жазда Головкин Сондерстің чемпиондық белдік тағып тұрған суретін көріп, "Қандай әдемі белдік!" деген болатын. Қазақстандық боксшының астарлы қалжыңы Сондерстің құлағына алты айда әрең жетті, британдық Twitter парақшасында былай деп жауап берді: "Қаншама уақыттан бергі бірінші жекпе-жекке шыққанша асықпын. Одан кейін GGG мұрнын бет қыламын. Бүкіл белдіктерді иемдену үшін, сені жеңуім керек".

Жаңалықтар
0