Әлем

Би-би-си Солтүстік Кореяда хабар тарата бастады

© Sputnik / Илья Питалев / Медиабанкке өтуПхеньянның тарихи саябағы
Пхеньянның тарихи саябағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстік Корея тұрғындары радиодан күніне екі рет 30 минуттық жаңалықтар шығарылымын тыңдай алады.

АСТАНА, 16 қар — Sputnik. Би-би-си телерадиокорпорациясы (World Service) алғаш рет КХДР аумағында өз бағдарламаларын тарата бастайды, деп хабарлайды РИА Новости. 

Times газетінің деректеріне сәйкес, 2017 жылғы көктемнен бастап, КХДР тұрғындары күніне ері рет таңертең ерте және кешке радиодан 30-минуттық жаңалықтар шығарылымын тыңдай алады. 

Сонда-ақ әртүрлі бағдарламалардың мәтінін, бейнежазбасы мен подкастарын табуға болатын интернет нұсқасы пайда болады.  Би-би-си-дегі дереккөздер трансляцияның Солтүстік Корея аумағынан жасалмайтынын нақтылады. 

"Әлем туралы нақты ақпаратқа қол жетімділік адамның басты құқықтарының бірі болып табылады. Меніңше, біз үшін Корей жарты аралында кәріс тілінде хабар тарататын уақыт жеткен сияқты", — деп келтіреді басылым әлемдік жаңалықтар қызметінің басшысы Фран Ансворттың сөзін. 


Жаңалықтар
0