Қоғам

Астанада 1-4 сынып оқушылары сабақтан босатылды

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуАрхивное фото школьника зимой
Архивное фото школьника зимой - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауаның температурасы минус 25 градус және одан төмен болғанда бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ тоқтайды.

АСТАНА, 16 қар — Sputnik. Астана мектептерінің бірінші ауысымдағы 1-4 сынып үшін сабақ тоқтатылды, деп хабарланады елорда сайтының ресми сайтында.

"Ауа температурасының төмендеуіне байланысты бірінші ауысымдағы 1-4 сынып үшін сабақ болмайды", — делінген хабарламада.

Астанада қазіргі уақытта 28 градус аяз болып тұр. 

Қала әкімшілігі қыс мезгіліндегі Астананың білім беру мекемелерінде сабақты тоқтату параметрлерін жариялады.  

Астана қаласының Білім басқармасы Астана қаласы әкімдігімен келісіп белгіленген, қысқы кезеңдегі ауа-райының қолайсыз жағдайларына байланысты қала бойынша білім мекемелеріндегі (жалпы білім беретін мектептер, колледждердің 1-2 курс студенттері үшін) сабақты тоқтату параметрлерін ұсынады.

Білім басқармасының хабарлауынша, балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау мақсатында, білім мекемелерінде сабақты тоқтатудың параметрлері: 1-4 сыныптарда ауаның температурасы минус 25 градус және одан төмен болғанда (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес); 1-9 сыныптарда ауаның температурасы минус 30 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда; 1-11 (12) сыныптарда, колледждерде (1-2 курс студенттері) үшін ауаның температурасы минус 35 градус және одан төмен (атмосфералық ауаның температурасы желдің жылдамдығына сәйкес) болғанда. 

Айта кету керек, егер желдің күші 15-20 м/с болғанда ауа температурасы күшейеді (қатты жел, боран, көру деңгейінің төмендеуі).

Сабақты тоқтату туралы ақпаратты 6.45-тен 7.00-ге дейін (бірінші ауысым) және 11.15-тен 13.00-ға дейін (екінші ауысым) келесі ақпарат көздерінен ала алады: 

— Smart Astana мобильді қосымшасы бойынша,

— "Алма ТВ" кабельдік жүйесіне қосылмаған болсаңыз, "Хабар", "Қазақстан-1", "ОРТ Қазақстан", "Астана ТВ", "КТК", "НТК" телеарналарынан "дауысты хабарлама" беріледі;

— 109 телефонына қонырау шалуға болады (ұялы телефоннан тегін);

— www.e.astana.kz Астана қаласы әкімдігінің электронды қызметтер порталында;

— www.bilim.astana.kz Астана қаласы білім басқармасының сайтында;

— Мектептегі кезекшінің телефонына, сынып жетекшісіне, мектеп әкімшілігіне хабарласуға болады.

 

Жаңалықтар
0