АСТАНА, 14 қар — Sputnik. Алты жасар қостанайлық Рамзан Байдәулетов Дубайда менталды арифметикадан өткен халықаралық жарыста үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды өңірлік "Алау" басылымы.
Рамзан 8 минуттің ішінде ол 175 мысалды шешіп, өзінің дәрежесінде бірінші болды.
"Онда екі таңбалы және бірнеше қатар мысалдар болған. Балам бәрін шешті. Ол цифрларды әп-сәтте орын-орнымен орналастырады. Өткен жылы біз менталды арифметика академиясына барғанбыз. Бүгін міне, нәтижесін көріп отырмыз", — дейді вундеркиндтің анасы Айгүл Аюпова.
Рамзан мектепке дейінгі дайындық сабағына барады. Ол Қостанайдағы жедел оқу мектебін сәтті аяқтады. Ол сонымен қатар шахматпен де белсенді айналысады. Осы уақытта еңбекқор баланың 3 дәрежесі бар. Дарынды жастың анасы баласының өте керемет есте сақтау қабілеті барын айтады.
Енді алты жасар чемпионға Индонезияда өтетін жарыстарға қатысу жөнінде ұсыныс түскен. Ол Бали аралына 2017 жылдың желтоқсан айында барады. Рамзанның ең үлкен армандарының бірі — Елбасының басты шыршасына қатысу.