АСТАНА, 10 қар — Sputnik. Дональд Трамптың жетістіктеріне тәнті болған қазақстандық кәсіпкер өз дәмханасының ас мәзіріне "Дональд Трамп" деген тағам қосты. Тағам республикалықтың АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткенінен кейін ерекше сұранысқа ие болды.
31 жасар кәсіпкер Мақсұт Қасқатаевтың Sputnik Қазақстанға айтуынша, ол Астанаға Қарағандыдан келген. Ол жақта жұмыс істеп тұрған екі дәмханасы бар екен.
Ер адам талқыға түсіп жатқан жаңалықтарды өз өнімдерінің жарнамасы үшін алғаш рет пайдаланып отырған жоқ. Мәселен, өткен жылдың тамызында Қазақстанда өткен девальвациядан кейін ол түскі астар жарнамасы "кешенді келімбедов" (Қайрат Келімбетов ҚР Ұлттық банкінің төрағасы қызметін 2013-2015 жылдары атқарған. Келімбетовтің кезінде екі девальвация өтті – ескер.) дегенді ойлап тапқан.
"Шынымды айтсам, мен Трамптың сайлауда жеңіске жеткеніне қуаныштымын. Маған оның кәсіпкерлік қасиеттері ұнайды. Өткен жылы мен Трамптың "Мәмілелер жасау өнері" деген кітабын оқып шықтым". "Донер Трамптар" туралы ой жай келген жоқ. Маған істі бірдеңе қылып дамыту қажет болды, мен алғаш рет Астанада болдым. Сәтті пайдалана отырып, осындай жарнама жасауды жөн көрдім", — деді Қасқатаев Sputnik Қазақстанмен жүргізілген сұхбат барысында.
Ол өз мекемесіндегі жарнама тақтасына неліктен Ресей президенті Владимир Путиннің суретін салып қойғанын түсіндірді.

"БАҚ-тарда Путин мен Трамп жақсы жұмыс істей алады деп жазып жытыр. Сондықтан менде оларды бірге салу туралы ой туды. Сондай-ақ, "адамдарды жақындатушы" деп жазып қойдым. Өйткені барлығы Америка мен Ресейдің жақындасқанын күтіп жүр", — деді кәсіпкер.

Кәсіпкердің атап өтуіне сәйкес, дөнердің қазақстандық нарықта пайда болғанына біраз болған. Оның алуан түрі мен дәмі бар. "Дөнер Трамптың" құны 700 теңге. Ол сиыр еті, нан, соустан тұрады. Қалау бойынша пекин қырыққабатын, маринадталған пияз бен қызанақ қосуға болады. "Дөнер Трамптың ерекшелігі оның көлемінің үлкендігінде, онда ет пен өзге ингредиенттер көптеп салынған", — деп атап өтті Қасқатаев.