Экономика

Жапон банкі инвестициялық жобалар үшін Қазақстанға 300 млн доллар бөледі

© Sputnik / Антон Денисов / Медиабанкке өтуАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ экономиканың шикізаттық емес секторында инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін SMBC жапон банкінен 300 млн АҚШ долларын алды.

АСТАНА, 9 қар — Sputnik.  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жапонияға ресми іссапары аясында "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдинг" АҚ басқармасының төрағасы Ерболат Досаев Жапонияның даму институттары және қаржы ұйымдарымен бірқатар кездесулер өткізді деп хабарлайды холдингтің баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы ядролық қатермен талмай күресуге шақырды

Кездесулер нәтижесінде екіжақты құжаттарға қол қойылды. Sumitomo Mitsui Banking Corporation  жапон банкінің бас кеңсесінде Досаев өзара ынтымақтастық бойынша 300 млн АҚШ доллары көлемінде шектелмелі келісім жасасты. 

"Бұл келісім экономиканың шикізаттық емес секторындағы қазіргі уақыттағы және болашақтағы ортақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қажетті қор жинауға мүмкіндік береді", — деді Ерболат Досаев келісім нәтижесі жөнінде.

Сонымен қатар, холдингтің еншілес ұйымдары мен жапон қаржы институттары арасында бірнеше құжатқа қол қойылды. "Қазақстанның даму банкі" АҚ мен жапон банкі "Bank of Tokyo-Mitsubishi UFJ" 100 млн АҚШ доллары көлемінде қаржыландыру бойынша меморандумға қол қойды. "ҚазЭкспортГарант" АҚ мен NEXI, сондай-ақ "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" пен "Japan TechnologyGroup Inc." арасында өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.  

Жаңалықтар
0