Өңірлер

Бес облыс пен Астанада дауылдық ескерту жарияланды

© Sputnik / Алексей Панов / Медиабанкке өтуҚатты жел
Қатты жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан өңірлерінде метріне 20 секундқа дейін жел күшейіп,кей желерде екпіні 30 м/с асады деп күтіледі

АСТАНА, 9 қар — Sputnik. Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстары мен Астанада екпінді жел тұрады деген болжамға сәйкес, дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі. 

"Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында 9 қарашада күндіз, 10 қарашада түнде Павлодар облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с аса күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі", — делінген хабарламада.

Астанада 9 қарашада оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с болады, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.


Жаңалықтар
0