Экономика

ҚМГ: Мыңбаевтың төрт орынбасары бар

© Sputnik Сауат Мыңбаев
Сауат Мыңбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"ҚазМұнайГаз" бұрын бірқатар БАҚ-тарда жарияланған басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың 30 орынбасары бар деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

АСТАНА, 7 қар — Sputnik. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың тікелей қарамағында төрт орынбасары бар, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ бір қатар республикалық БАҚ-тарда, ұлттық компанияның ұйымдық құрылымына қатысты – атап айтқанда топ-менеджерлер санының көбеюі туралы қате мәліметтер жарияланғанын хабарлайды", — деп мәлім етті баспасөз қызметі. 

Сауат Мыңбаев - Sputnik Қазақстан
Экономика
Мыңбаев: "ҚазМұнайГаз" қажет емес "еншілерін" жояды

Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ құрылымы бойынша С.Мыңбаевтың тікелей қарамағында: өндіру, мұнай барлау және мұнай-сервистер бойынша атқарушы вице-президенті (Басқарма мүшесі); тасымалдау, өңдеу және маркетинг бойынша атқарушы вице-президенті (Басқарма мүшесі); газ тасымалдау және маркетинг бойынша атқарушы вице-президенті (Басқарма мүшесі); қаржы бойынша атқарушы вице-президенті – қаржы директоры (Басқарма мүшесі); трансформация бойынша аға вице-президенті (Басқарма мүшесі); құқықтық қамтамасыз ету бойынша вице-президенті (Басқарма мүшесі); адам ресурастарын басқару бойынша вице-президенті (Басқарма мүшесі); еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша вице-президенті; стратегия бойынша вице-президенті; инвестиция және тәуекелдерді басқару бойынша құрылымдық бөлімшесі; қауіпсіздік қызметі құрылымдық бөлімшесі қызмет етеді.

 Жоғарыда көрсетілген хабарламаға сәйкес, бұның ішінде жеті басшы – Басқарма мүшелері болып табылады.

"Егерде жоғарыда аталған лауазымдарды ТМД-ға дәстүрлі лауазымдар номенклатурасы бойынша қарастыратын болсақ ҚМГ Басқарма төрағасының тікелей қарамағында: төрт орынбасар — бұл төрт атқарушы вице-президенттер. Қалғандары — басқарушы директорлар — вице-президенттер деңгейіне сәйкес келеді.", — деп хабарлады компанияда. 

Жалпы "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ компаниялар тобында 89 мыңнан аса қызметкерлер жұмыс істейді.


Жаңалықтар
0