АСТАНА, 4 қар — Sputnik. Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Оңтүстік Қазақстан облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.
4 қарашада Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады. Жел солтүстік-батыстан, республиканың шығысында солтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде күші 18-23, екпіні 30 м/с аса күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ, тұман күтіледі.
4 қарашада күндіз Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында ауа температурасы 0-5, кей жерлерде 10 градус жылыға дейін, түнде 5-6 қарашада 3-8, кей жерлерде 11 градус аязға дейін төмендейді.
4 қарашада түнде және таңертен Жамбыл облысында жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын жауады. 3 қарашада күндіз, 4 қарашада түнде және таңертен жел солтүстік-батыстан соғады, күші 23-28, екпіні 30 м/с аса күтіледі. Кей жерлерде көктайғақ, тұман күтіледі.