Әлем

ФТБ Билл Клинтонға қарсы бұрынғы тергеу құжаттарын жариялады

© Sputnik / Владимир Федоренко / Медиабанкке өтуАҚШ-тың бұрынғы президені Билл Клинтон
АҚШ-тың бұрынғы президені Билл Клинтон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құжаттар Клинтонның Glencore компаниясының негізін қалаушысы мен халықаралық кәсіпкер Марк Ричке рақымшылық жасу шешіміне қатысты.

АСТАНА, 2 қар — Sputnik. АҚШ федералды тергеу бюросы Ақ үймен келісімсіз экс-президент Билл Клинтонға қатысты 15 жыл бұрынғы сыбайлас жемқорлық сипатындағы тергеу құжаттарын жариялады. Іс 2005 жылы жабылған, деп хабарлайды РИА Новости

Іс Билл Клинтонның Glencore компаниясының негізін қалаушысы мен халықаралық кәсіпкер Марк Ричке рақымшылық жасу шешіміне қатысты болып отыр.  Рич салық төлеуден жалтарды және 1979-1981 жылдарғы кепілдікке алынғандарға қатысты дағдарыс кезінде Иранмен заңсыз мәмілелер жасады деп айыпталған. Клинтон Ричке 2001 жылғы 20 қаңтарда, өзінің президенттік өкілеттілігінің мерзімі аяқталуына бірнеше сағат қалған кезде рақымшылық жасады. 

Клинтонның сыншылары Ричтің қызы Демократиялық партияға 1 миллионнан астам доллар қайырымдылық етіп, оның ішінде 100 мыңын бұрынғы бірінші леди Хиллари Клинтонның сенатқа сайлану науқанына және 450 мыңды – Билл Клинтонның президенттік кітапханасына тарту етті деп мәлімдеген.

Істі Клинтонның Ричке рақымшылық ету шешімін қатты сынға алған прокурор Джеймс Коми тергеген. Ол қазір ФТБ директоры қызметін атқарады. Іс 2005 жылы қылмыс құрамының болмауына байланысты жабылған. "Рақымшылық жасаудың талап етілетін стандарттары мен процедураларының сақталмаған көрінеді", — делінген құжатта. 


Жаңалықтар
0