Экономика

Қазақстанда дәнді дақылдарын жинау науқаны аяқталды

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуастық жинау
астық жинау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ағымдағы жылы диқандар 23 680,9 мың тонна ауыл шаруашылығы дақылдарын жинады.

АСТАНА, 2 қар — Sputnik. Ағымдағы жылы Қазақстан шаруалары 27 миллион тоннадан астам негізгі ауыл шаруашылығы өнімдерін жинады. Осылайша, бидай, арпа және басқа да дәнді дақылдар жинау науқаны аяқталды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. 

Урожай зерна - Sputnik Қазақстан
Экономика
АШМ: Қазақстан рекордтық астық жинады
 

2016 жылы 17,8 миллион тонна бидай, 3,3 миллион тонна арпа, 347 мың тонна сұлы, 63,9 мың тонна ақ тары, 502,6 мың тонна күріш, 736,5 мың тонна дәнді бұршақ дақылы және т.б. дәнді дақылдар жиналды.

Еске сала кетсек, 2015 жылғы көрсеткіштер бойынша 14,6 млн. тонна бидай, 2,9 млн. тонна арпа, 278,6 мың тонна сұлы, 41,6 мың тонна тары, 457,4 мың тонна күріш, 830 мың тонна дәнді бұршақ дақылы және тағы басқа дәнді дақылдар жиналған.

Сонымен қатар, картоп жинау науқаны аяқталып, 3 460 мың тонна өнім алынды.

Айта кетсек, майлы дақылдарды жинау науқаны жалғасуда. Бүгінгі күні 1,6 миллион тоннадан астам майлы дақыл бастырылды (былтырғы жылғы жағдай бойынша 1,1 миллион тонна).


Жаңалықтар
0