Өңірлер

Сәрсенбіде Қазақстан тұрғындарын қарлы ауа райы күтеді

© Public DomainПогода, снег
Погода, снег - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктердің болжамынша, кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел күтіледі

АСТАНА, 26 қаз — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде сәрсенбіде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде қар күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет метеоқызметі.

Синоптиктердің ақпаратына сәйкес, тек республиканың солтүстік-батысында және оңтүстікте күн райы ашық. Кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. 

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді. 

Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде түнде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысында тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.


Жаңалықтар
0