Спорт

Барыс Динамодан басым түсті

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өту"Барыс" ХК
Барыс ХК - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Барыс" хоккей клубы Динамоны 1:0 есебімен жеңді.

АСТАНА, 19 қаз — Sputnik. "Барыс" хоккей клубы сейсенбіде Құрлықтық хоккей лигасы жүйелі маусымының үй матчында негізгі уақытта "Динамо" Хоккей клубын 1:0 есебімен жеңді. 

Кездесудің бас кейіпкері қазақстандық клубтың швед легионері голкипер Хенрик Карлсон болды. Маусымда екінші матчты "нөлге" ойнаған қақпашының рөлін матчтан кейін өткен баспасөз конференциясында команданың бас бапкері ЭдуардЗанковец ерекше атап өтті. 

"Нөл" нәтижесіне келер болсақ, ең алдымен қақпашының ойынын атап өткім келеді. Қақпашының ойыны бізің жеңісімізді шамалап айқындады", — деді Занковец. 

Мәскеулік клубтың бас бапкері Сергей Орещкин де мұз иелерінің жеңісіндегі Карлссонның еңбегін жанама түрінде атап өтті. "Голсыз жеңіс жоқ", — деді ол қысқаша. 


Жаңалықтар
0