Маңғыстауда газ құбырынан өрт шығып, жарылыс болды

© Photo : Пресс-служба МЧС КазахстанаПожарный
Пожарный - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2024
Жазылу
Өрт толығымен сөндірілді
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында магистральдық газ құбырының поршеньді басқару бөлмесінен өрт шықып, жарылыс болды, деп хабарлайды Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті.
Бұл оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған.
Құтқарушылардың айтуынша, зардап шеккендер жоқ. Өрт толығымен сөндірілді. Полиция жарылыстың себебін анықтап жатыр.
Департаменттіңхабарлауынша, өрт 18 наурыз күні түнгі сағат 23:00 минут шамасындаБейнеу ауылынан үш шақырым жерде, ашық аумақта шыққан.
Қрт "ИнтергазОрталықАзия" АҚ-ның САЦ-4 магистральді газ құбырының поршеньді жіберу торабында болған.
"Соның салдарынан жақын маңдағы Komatsu арнайы техникасының (экскаватор) салоны өртенді. Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі келгенге дейін газдың ауаға шығуы жойылды", - деп хабарлады облыстың төтенше жағдайлар қызметі.
Өрт аумағы 50 шаршы метрді құрады. Қазіргі уақытта өмірлік маңызды нысандар қалыпты жұмыс істеп жатыр.
Жаңалықтар
0