Білім

"Келешек" ерікті жинақтау бағдарламасы: ата-аналар не істеуі керек

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2023
Жазылу
Балалардың оқуына ақша жинауға мүмкіндік беретін жүйе 2024 жылы іске қосылады, ең төменгі жарна 1 АЕК-ті құрайды
АСТАНА, 5 желтоқсан – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек "Келешек" ерікті жинақтау бағдарламасы қалай жұмыс істейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, қазір "Келешек" бағдарламасы бойынша заңнамалық өзгерістер қабылданып жатыр. Осы жүйенің серіктесі атанатын екінші деңгейлі банктер әзірге анықталмаған.
"Қаржылық тұрақтылығы ең жоғары банктер іріктелетіні түсінікті, әрине. Оларға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Ұлттық банк тарапынан қатаң талаптар қойылады", - деді Саясат Нұрбек үкіметте өткен брифингте.
Министрдің болжамынша, жетекші 6-7 банк бағдарламаның серіктесі атануы мүмкін.
Сондай-ақ ол бағдарламаның қалай жұмыс істейтінін түсіндірді.
"Келесі жылдан бастап кез келген ата-ана серіктес банктердің біріне барып, баласының оқуына ақша жинау үшін арнайы қорғалған шот аша алады. Ең төменгі жарна 1 АЕК немесе 3 450 теңге, бұл жинақ үшін талап етілетін ең төменгі сома. Ата-аналарды ынталандыру үшін мемлекет бастапқы капиталды салады", - деді ведомство басшысы.
Нұрбек болашақта "Келешек" ерікті жинақтау жүйесіндегі ақша мен "Ұлттық қор – балаларға" жобасы аясында жиналған қаржыны біріктіруге болатынын атап өтті.
"Егер бала грантпен оқуға түссе, "Келешек" бағдарламасы бойынша жиналған қаражатты баспана сатып алу үшін жұмсауға немесе отбасындағы бауырларына беруге болады. Яғни біз жоғары білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ата-аналарға барынша жағдай жасап отырмыз", - деді министр.
Бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов "Келешек" ерікті жинақтау жүйесін келесі жылы енгізуді тапсырды.
Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2023
"Келешек": баланың оқуына 7,5 млн жинау үшін ай сайын қанша теңгеден салу керек
Жаңалықтар
0