https://sputnik.kz/20230630/zhanar-zhagarmay-tapshylygy-zhoq--qazmunaygaz-basshysy-36464898.html
Жанар-жағармай тапшылығы жоқ – ҚазМұнайГаз басшысы
Жанар-жағармай тапшылығы жоқ – ҚазМұнайГаз басшысы
Sputnik Қазақстан
Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы алдын алу жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, ол 19 шілдеде аяқталуға тиіс 30.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-30T19:15+0500
2023-06-30T19:15+0500
2023-06-30T19:15+0500
қазмұнайгаз
жанармай
https://sputnik.kz/img/07e7/06/1e/36456358_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_b8b621cd91c6aae253caccd15c3ab1ae.jpg
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" ҰК"АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеу жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.ҚМГ басшысы Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерінің тапшылығы жоқ екенін баса айтты. Мырзағалиев барлық жоспарланған жұмыстың сапасын қамтамасыз етумен қатар зауытты дер кезінде іске қосу үшін Павлодар мұнай-химия зауытының басшылығына жөндеу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтау мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.Бірінші жартыжылдықта Павлодар мұнай-химия зауыты 2,772 миллион тонна шикізатты өңдеп, 790 мың тоннадан астам бензин, 947 мың тоннадан астам дизель отынын өндірді. Битум өндірісі 128 306 тоннаны, мазут – 287 592, сұйытылған газ – 157 765, авиаотын – 97 827 тоннаны құрады.Алдағы жартыжылдықтағы жоспарға тоқталған Мырзағалиев АИ-95 бензинін өндіруді Павлодар мұнай-химия зауытында ғана емес, сонымен қатар Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) да барынша арттыру қажеттігін атап өтті.Сондай-ақ,оның пікірінше, елдің оңтүстігін қамтамасыз ету міндеттемесін ескере отырып, АИ-95-ті тұрақты түрде жөнелтуге басымдық беру керек.Сондай-ақ ол жақында мемлекет басшысына таныстырылған дизель отынын гидротазалау қондырғысын қайта құру және сутегі өндіру қондырғысын салу жобалары ҚазМұнайГаздың "жасыл" энергетиканы дамыту басымдықтарында ерекше маңызға ие екенін айтты.ҚазМұнайГаз басшысы осы екі бастама бойынша, сондай-ақ сұйытылған көмірсутекті газын тазарту қондырғысының құрылысы бойынша жоспарланған іс-шараларды сапалы және уақытылы орындауды тапсырды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/1e/36456358_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_d489ea3d3a786373e929ecdc0d43427f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазмұнайгаз, жанармай
Жанар-жағармай тапшылығы жоқ – ҚазМұнайГаз басшысы
Павлодар мұнай-химия зауытында жоспарлы алдын алу жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, ол 19 шілдеде аяқталуға тиіс
АСТАНА, 30 маусым – Sputnik. "ҚазМұнайГаз" ҰК"АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Павлодар мұнай-химия зауытындағы жөндеу жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлады ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
ҚМГ басшысы Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерінің тапшылығы жоқ екенін баса айтты. Мырзағалиев барлық жоспарланған жұмыстың сапасын қамтамасыз етумен қатар зауытты дер кезінде іске қосу үшін Павлодар мұнай-химия зауытының басшылығына жөндеу жұмыстарын мерзімінен бұрын аяқтау мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Бірінші жартыжылдықта Павлодар мұнай-химия зауыты 2,772 миллион тонна шикізатты өңдеп, 790 мың тоннадан астам бензин, 947 мың тоннадан астам дизель отынын өндірді. Битум өндірісі 128 306 тоннаны, мазут – 287 592, сұйытылған газ – 157 765, авиаотын – 97 827 тоннаны құрады.
Алдағы жартыжылдықтағы жоспарға тоқталған Мырзағалиев АИ-95 бензинін өндіруді Павлодар мұнай-химия зауытында ғана емес, сонымен қатар Атырау мұнай өңдеу зауытында (АМӨЗ) да барынша арттыру қажеттігін атап өтті.
Сондай-ақ,оның пікірінше, елдің оңтүстігін қамтамасыз ету міндеттемесін ескере отырып, АИ-95-ті тұрақты түрде жөнелтуге басымдық беру керек.
"Өңдеуге жіберілетін мұнайдың сапасы, өнім сапасына қойылатын талаптардың артуы және қысқы дизель отынын өндіру перспективасы – Павлодар мұнай-химия зауыты үшін басым бағыттардың бірі", - деді Мырзағалиев.
Сондай-ақ ол жақында мемлекет басшысына таныстырылған дизель отынын гидротазалау қондырғысын қайта құру және сутегі өндіру қондырғысын салу жобалары ҚазМұнайГаздың "жасыл" энергетиканы дамыту басымдықтарында ерекше маңызға ие екенін айтты.
ҚазМұнайГаз басшысы осы екі бастама бойынша, сондай-ақ сұйытылған көмірсутекті газын тазарту қондырғысының құрылысы бойынша жоспарланған іс-шараларды сапалы және уақытылы орындауды тапсырды.