Қоғам

Желіде Атырау әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпарат шықты – билік не дейді

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2024
Жазылу
Әлеуметтік желіде жедел штабтың жалған аккаунты пайда болған
АСТАНА, 20 сәуір – Sputnik. Өңір билігі интернетте тараған Атырау әкімінің қайтыс болғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
"ТЖ жөніндегі жедел штабтың жалған аккаунтында Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің кенеттен қайтыс болғаны туралы ақпарат шықты. Ақпарат шындыққа жанаспайды. Атырау қаласының әкімі жедел штабтың отырысына қатысып, қаладағы су тасқынына дайындық барысы туралы кезекті баяндама жасады", - делінген Атырау облысы ТЖ жөніндегі жедел штабының хабарламасында.
Ведомстводағылар ТЖ режимі аясында жалған ақпарат таратқаны үшін құқық бұзушыға қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салды.
Қазір құқық қорғау органдары тиісті шаралар қолдану үшін ТЖ жөніндегі жедел штабтың атын жамылған жалған аккаунт иесін іздеп жатыр.
Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабының ресми аккаунты мына сілтемеде.
Шыңғыс Әрінов БҚО-ға келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.04.2024
Өңірлер
Төтенше жағдай министрі БҚО-ға қайта барды
Жаңалықтар
0